Respublica партиясы цифрландыруға дайын

  • 10
  • 12.09.2025, 19:58

Respublica партиясының мүшелері Президент Жолдауындағы басты міндеттің бірі – экономиканы цифрландыруға атсалысуға дайын. Бұл туралы саяси ұйым мүшелері Алматыда өткен ReBusiness Forum 2025 іс-шарасында айтты. Олар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекті бизнесте кеңінен пайдаланудың жолдарын талқыланды. 

Партия өкілдері: «Еліміздегі жас кәсіпкерлер бұл жүйелерді тиімді игеріп келеді», - дейді. Білікті мамандардың шоғыры қалыптасып, жаңа міндетті жүзеге асыруға қабілетті орта құрылды. Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші екенін атап өтті. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуға болады. Президент ол үшін әуелі Цифрлық кодексті тезірек қабылдауды тапсырды. Бұл заңда цифрландырудың бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Форумға қатысқан кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісуге әзір.

Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы: 

- Партия мүшелері жасанды интеллектпен айналысатын кәсіпкерлер мен сарапшылар бар. Солардың тәжірибесін жинап, Президенттің қойған мақсаттарына жету үшін біздің партия жұмыс істеуге дайын. Мысалы, Жасанды интеллект туралы заң бойынша біздің жұмыс топта алты депутаттың төртеуі белсенді қатысып жатыр.