Теміржол қауіпті аймақ. Одан бәрі хабардар. Десе де, тұрғындар басын қатерге тігіп, шойынжолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді. Алматы жол дистанциясының өзінде жыл басынан бері теміржолға адам шығып кетуінің кесірінен локомотив бригадасы поезды 27 рет шұғыл тоқтатқан. Өкінішке қарай алып техниканың астына түсіп қалғандары да бар.
Поезд жеңіл көлік емес. Машинист тежегішті басқанның өзінде локомотив вагон санына қарай 500 метрден 800 метрге дейін жүріп барып бірақ тоқтайды. Теміржолшылардың айтуынша көбіне, поезд астына алкогольдік ішімдік ішіп алғандар мен нашақорлар түсіп жатады. Құлаққап тағып жан-жағын естімейтіндер тағы бар. Шойын жол үстіндегі апат бір әулетке қасірет әкелсе, поездардың жұмыс кесетесіне кері әсер етеді.
Бұл Алматы-1-2 темір жол бекеті аралығының 6-шақырымы. Теміржолды кесіп өтуге рұқсат етілмеген. Жаяу жүргіншілер көпірі 500 метр жерде орналасқан. Оған баруға көбі ерінеді. Жолды қысқартып осыннан өтеді. Биылдың өзінде локоматив бригадалары поезды 20-ға жуық шұғыл тежеумен тоқтатуға мәжбүр болған.
Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. «Бірақ ешкім поезд астына түспеді»,- деп қарап отыруға тағы болмайды. Сала мамандарының айтуынша екі вокзалдың ортасындағы рельс бойын қоршау қажет. Не болмаса тағы көпір салу керек. Одан қала берді балалар теміржолды ойын алаңына айналдырады.
Дархан Абдуллаев, Алматы жол дистанциясының бас инженері:
-Соткаға селфи жасап, тиктокқа түсіріп поездың үстіне шығып, тоққа түскен жағдайлар тіркеледі. Поездың үстіндегі ток 27 500 вольт. 27.500 вольт адамды моментально күйдіріп жоқ қылып жібереді. Ондай жағдайлар тіркелген мына 2-ші Алматы бекетінде, Боралдай бекетінде тіркелген. Яғни жасөспірім балалар қызық үшін поезға шығып ток кернеуіне түсіп қалған жағдайлар болады.
Биыл бірінші Алматы станциясы желілік полиция басқармасы 2700 құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде вагон терезесіне тас лақтырғандар да бар. Олардың кім екенін жаппай білу мүмкін емес. Осы жолы соның 3-уі ғана анықталып ата-анасы жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары теміржолдың қауіпті екенін естен шығарып, малды қараусыз қалдырады.
Нұржан Анарбеков, Алматы жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері:
-Алматы жол дистанциясының қызмет көрсету аумағы Отар станциясына, Алматы станциясынан Қосқұдық станциясына дейін. Осы аралықта қызмет көрсету аумағы сол аралықта осы 8 айдың ішінде 9 экстренное торможение дейміз, ол дегеніңіз теміржолға жайылымда қараусыз жүрген малдың шығып кетулері фактілері анықталды. Оның 9-ы с наездом поездың астына түскен.
Машинист теміржолға адам шықса да, мал шықса да тоқтатуға мәжбүр. Алматы жол дистанциясында жыл басынан бері теміржолға адам шығып кеткеннің кесірінен локоматив бригадасы поезды 27 рет шұғыл тоқтатқан. Өкінішке қарай соның төртеуінде адам қағу оқиғасы тіркелді. 2 адам поезд астына түсіп мерт болған. Тағы 3 тұрғын жарақат алған.
Қарлығаш Қайыпбекова, Кенже Амраев