Бүгіннен бастап Астанада бірқатар мекемеде жұмыс уақыты өзгерді. Қалалық коммуналдық қызметтер мен елорда әкімдігі үшін жұмыс таңғы 7 жарымда басталады. Кейбір мемлекеттік және жартылай мемлекеттік мекемелер 7:30-8:00 аралығында жұмысқа кіріседі. Кестені өзгертудегі мақсат - таңғы және кешкі қарбалас уақытта көлік кептелісін азайту. Енді Астана көшелеріндегі трафик 15-20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Жеке компаниялар, білім беру ұйымдары, балабақшалар, медицина мекемелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс уақыты өзгерген жоқ.