Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі аясында арнайы көрме ашылды

  • 9
  • 15.09.2025, 18:47

Астанада Ұлттық музейде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі аясында арнайы көрме ашылды. Экспозицияда ислам, христиан, иудаизм, индуизм және буддизмге тән діни рәміздер мен жәдігерлер қойылған. Көрме жаһандық келісім мен өзара түсіністікті насихаттауға бағытталған. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген дінтану, этнография, тарих, философия және өнер саласының мамандары қатысты. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмені 25 қыркүйекке дейін тегін тамашалай алады. 

Бақытжан Есбергенов, «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

-Көрменің өткізу мақсаты – діндер арасында диалог құру және олардың діни, рухани заттарымен таныстыру. Көрмеде Қасиетті Құранның, Тора мен Библияның көшірмелері ұсынылған. Сондай-ақ Буддизмнің әртүрлі салаларындағы кітаптар да бар. Бұл іс-шараны Ұлттық музей қоры мен Ұлттық мұрағат қоры бірлесіп ұйымдастырып жатыр.