Тұңғыш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтті. Халық денсаулығын сақтау мен қорғау, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жолында жүздеген адам жанкешті еңбек етіп жүр. Салтанатты жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі саланы дамытуға елеулі үлес қосқан майталман мамандарға мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады.
Нысанғали Қожахметов бұл салада табаны күректей 30 жыл қызмет етіп келеді. Алғаш санитарлық дәрігер болып қадам басқан ол бүгінде Радиациядан қорғау зертханасының меңгерушісі. Яғни сырттан келетін тауарлардың барлығын радациялық қауіпсіздігі бойынша зерттеп, зерделейді. Онкологиялық аурулардың алдын алу кезінде диагностика мен ем қабылдау да радиацияның көзі арқылы жасалатынын ескресек, бұл ретте әр адамның дозалық жүктемесі есептеліп отырады дейді сала ардагері.
Нысанғали Қожахметов, республикалық санитраиялық-эпидемиологиялық станцияның зертхана меңгерушісі:
-Бізге медициналық маманның айтатыны: ол ренгендік сәулелерге түсіп, пленукасын әкеліп беріңіз, содан барып қараймын. Сонда алатын дозалық жүктемелерді республикалық СЭС орталықтандырылған, сол жерге жиналады. Бірақ бұл бізде қағаз жүзінде болатын болғандықтан әр адам келген кезде мәлімет бере алмаймыз. Сіздің дозаңыз деңгейден асып кетті немесе әлі түсуге болады деген сияқты. Үкіметте цифрландыру жүріп жатыр, соған біз қосылсақ онда әрбір адамға сондай мүмкіндік болады.
Бастауын сонау 1900 жылдардан алатын санитариялық-эпиемиологиялық қызмет ел өміріндегі маңызды сала. Алғаш БҚО-да тараған оба дертіне қарсы күрес ретінде пайда болған жүйе бүгінде үлкен қызметке айналды. Әсіресе, сала мамандары елді жайлаған короновирус кезінде күн күлмей, түн ұйықтамай еңбек етті. Осы сәтте Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маңызы арта түсті. Пандемия кезінде жанқиярлықпен еңбек еткендердің бірі – Сымбат Балапанова.
Сымбат Балапанова, Целиноград аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:
-Оқу бітіріп келгелі осы бір басқармада, бір ауданда жұмыс атқарып келемін. Қазір жағдай тұрақты. Бізде қызметкерлер аз. Жалпы біздің салада қызметкерлердің тапшылығы бар. Қазір бәрінің сұрайтыны жалақы мәселесі. Онымен қатар жұмыстың ауырлығы. Сол үшін көп мамандар өте сирек жағдайда тұрақтайды. Әрине, жалақыны көтеру, статусты көтеру деген сияқты мәселелер болса. Осы мерекенің алғаш рет аталып өтілейін деп жатқандығы ол да үлкен стимул, ол да үлкен мотивация.
Мемлекеттік шекара, теміржол, әуе, құрлық қатынасында өткізу пунктеріндегі инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу, тіпті адамның тіршілік ету ортасы мен денсаулығына әсер ететін объектілерді бақылау, ауа мен судың сапасына үнемі мониторинг жүргізу де осы саланың қат-қабат жұмысының бір парасы.
Сарқыт Бейсенова, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:
-94 инфекцияға мониторинг жүргіземіз. Халық арасында бүгінгі уақытта профилактика және індетке қарсы жұмыстардың нәтижесінде 12 инфекция бойынша сырқаттанушылық тіркелген жоқ. Ал 40 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткіздік.
Енді Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет цифрлық жүйеге көшеді. Бүгінгі жиын осындай сүйіншщі жаңалықпен аяқталды. Денсаулық сақтау мен өмір сапасын жақсартуда шешуші рөл атқаратын бұл қызметке арнайы күнді белгілеу сала мамандарының көңілдеріне қуаныш, жүректеріне сенім ұялатқаны хақ.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Бұл мереке елімізде алғаш рет белгіленді. Енді жыл сайын 15 қыркүйекте атап өтілетін болады.
Құралай Жұмахан, Мейірбек Беспаев