Солтүстік Қазақстан облысында алып мамонттың сүйегі табылды. Оны Бәйтерек ауылы маңында балық аулап жүрген ауыл тұрғыны байқап, Есіл өзенінен шығарып алған. Қазір аса құнды олжа археологтарға табысталды. Тарихшы Анатолий Плешаковтың айтуынша, бұл осыдан 15 мың жыл бұрын жоғары палеолит дәуірінде өмір сүрген жануардың жілігі болуы мүмкін. Оның қалған қалдықтары да сол жерден табылуы ықтимал. Сондықтан олар келесі жылы қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Анатолий Плешаков, тарих ғылымдарының кандидаты:
-Болжам бойынша, бұл 4-5 метрлік мамонт. Ал салмағы 20 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Мұз дәуіріне жататын жануардың тұқымы өте көп. Соның бірі Солтүстік Қазақстан облысында 1960 жылдары табылған еді.