Атырауда келер жылы жоғары сапалы штапель талшығын өндіретін зауыт іске қосылады. Кәсіпорын пластик бөтелкелерді қайта өңдеп, кәдеге жаратады. Жоба құны – 2 млрд теңге.
Жергілікті кәсіпкер «Жасыл даму» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алған. Қазір ескі ғимаратты қайта жөндеп жатыр. Зауытты көктемде ашу жоспарда. Қоршаған ортаға зияны жоқ құрылыс және басқа да қажетті материалдар енді жергілікті жерде өндіріледі.
Азамат Асылбеков, мекеме басшысы:
- Қараша айының соңына және желтоқсан айының соңына өндірістік екі бөлек линиямыз келуі керек. Бұл жерде бірінші линия, бұл - ПЭТ-бөтелкеден дайын, жартылай өнім флекса күйіне дейін жеткізеді. Ал екінші линиямыз сол флексадан дайын полиферлі штапельді волокно, яғни штапельді талшық күйіне дейін жеткізеді. Бұл өндірістің жалпы қуаты жылына 6 мың тонна боп саналады.