Отбасы банк: «Корпоративтік өнім» жобасы сұраныста

  • 11
  • 19.09.2025, 19:31

Әңгіме жұмысшы кадрларға арналған жеңілдетілген ипотекалық және жалдамалы тұрғын үй бағдарламалары туралы болып отыр. «Корпоративтік өнім» қазірдің өзінде еліміздің барлық өңірлеріндегі түрлі компания қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Бұл туралы бүгінгі форумда Отбасы банкінің қызметкерлері толығырақ айтып берді.

Отбасы Банк өкілдері бүгін кәсіпкерлерді жинап, кезекті рет «Корпоративтік» өнім жобасын таныстырды. Мамандар бұл қарапйым қызметкерлерді қолдаудың жаңа құралы дейді. Атап айтсақ, үй алатын кезде үміткер адам үшін алғашқы жарнаны компания төлейді. 

Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Алғашқы жарнасы олда әр мекеменің жағдайына жұмыскерлердің айлық табысына байланысты. 10% келісім арқылы 20% болуы мүмкін. Алғашқы жарна көп болса сәйкесінше оның ай сайынғы төлемі аздау болады. Сондықтан бұл ерекше келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын бағдарлама. 

Негізі бағдарлама 2019 жылы іске қосылған. Ол арқылы осы күнге дейін Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Петропавл тағы басқа қалаларындағы компаниялардың қызметкерлері баспаналы болған. Банк енді осы тәжірибенің ауқымын кеңетпек. 

Сымбат Какимова, «Астана тазалық» ЖШС өкілі:

- Биылғы жылы біз отбасы банкімен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Мекемемізде 1300 адам бар. Үй кезегінде тұрғандар 600 адамдай болып келеді. Мекеме тарапынан жұмысшыларды қолдау мақсатында осы Отбасы банкпен бірлесіп жұмыс істеу жоспарланды. Биылғы жылы бастап жатырмыз. Биыл 200 млн теңге бөлінеді бастапқы жарна үшін. Келесі жылдары мұны жалғастырамыз. 

Бұл бағдарламада барлығына бірдей шарт жоқ. Осы күнге дейін өзіне ығайлы деген үлгімен 25 компания банкпен келісім жасапты. Олар алғашқы жарна ретінде 5 млрд 100 млн теңге ақша бөліп, бүгінде 500-дей қызметкер баспаналы болған.

Ердәулет Ыбырайұлы, Әлібек Алиев