Алматыда Әуезов және Медеу аудандарының әкімдері қатаң сөгіс алды

  • 14
  • 19.09.2025, 19:53

Жуырда нөсерден кейін Аманжол көшесінде жол ойылып, 13 көлік бүлінгенін айтқанбыз. Яссауиде жаңа төселген асфальт шөгіп, автобустар тұралап қалған. Ол аздай Ерменсайда көлік қозғалысы қиындаған еді. Уәлиханов бульварынан алынған жиектастың жеке үйге жөнелтілгені, Үлкен Алматы өзенінің жағасындағы гранит плиталардың жоғалуы тұрғындардың наразылығын тудырды. Бүгін қала басшысы мердігерлерге қатаң тексеріс жүргізіліп, кінәлілерге айыппұл салынатынын ескертті.