Былтыр инвестициялық дауларда кәсіпкерлердің 83% жеңіске жетті. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Жиынға Комиссия төрағасы Игорь Рогов төрағалық етті. Басқосуда азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Одан бөлек, 1 шілдеден өз жұмысын бастаған кассациялық соттардың міндеттері талқыланды. Қазір кассациялық шағымдарды қарау тәртібі біріздендірілді. Енді аппеляциядан әділдік таппағандардың шағымы 6 ай ішінде қаралатын болды. Әр істің байыбына барып, мән-жайды мұқият бағамдау үшін шағымдар азаматтық, әкімшілік не қылмыстық бағыттың бірінде зерделенеді.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы:
-15 мыңға жуық азаматтық істер татуласумен бірігіп, 29 мыңға дейінгі әкімшілік істер бойынша өздерінің талаптарын қайтарып алып жатыр. Әрине бұл 4 жылдың ішінде бірнеше қосымшалар, өзгертулер заңға енгізіліп, оның әрі қарай дамуын қамтамасыз ету болды.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Жалпы комиссия келіп түсетін арыз шағымдардың басым бөлігі - сот шешімімен келіспеуге байланысты. Екінші орында құқыққорғау органдарының әрекеттеріне келіспеу. Үшінші орында еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты. Осыған байланысты алдағы уақытта кассациялық соттардың ашылуы, соттардың біліктілігін көтеру мәселесі өте жақсы жолға қойылған.