Жоба Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асады. Бұдан өзге «SMART Daryn» ұлттық цифрлық платформасы іске қосылған. Бүгінде қазақстандық оқушылар әлемдік додаларда топ жарып жүр. Тек өткен оқу жылында 1720 бала 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, мыңнан аса медаль жеңіп алды. Соның ішінде жас дарын иелері әлем бойынша ең беделді саналатын 7 олимпиаданың 27 жүлдесін еншіледі.
Қаныбек Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы:
-Мемлекеттік қолдау дарынды балалардың қабілеттерін дер кезінде анықтап, олардың білім алу траекториясын тиімді құруға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім. Бұл қолдау оқушыларға сапалы білім алуға, ғылыми-шығармашылық әлеуетін дамытуға және кәсіби бағдарын айқындауға жағдай жасайды. Міне, осы мемлекеттік қолдаудың жалғасы ретінде Қазақстандағы іске қосылып жатқан «келешек мектептеріндегі» балалардың дарындылық бағыттарын анықтайтын да жүйе құрылады.