Көпбалалы ана Жанар Омарова қазір олардың ішіндегі жалғыз әйел. Ол бұл мамандыққа қалай келді?
Жанар Омарованың таңы кофеден емес, медициналық тексерістен басталады. Қан қысымы, ішімдікке тест жұмыс алдында бәрі қатаң тәртіппен қаралады. Автобус жүргізушілері осыдан кейін ғана рөльге отырады.
Ол жүргізуші болуды бала кезінен армандады. 18 жасында жүргізуші куәлігін алған Жанар Омарова ең алдымен кондуктор болып істеді. Кейін троллейбусқа мінді. Ал қазір автобус тізгіндейді.
Жанар Омарова, жүргізуші:
-Таңғалады. Көбісі таңғалады. «Жарайсың» дейді. Сәттілік дейді. Жолыңыз болсын дейді. Вообщем өмірдің бар жақсылығын тілеп кетеді. Жақсы-жақсы ниеттер кіреді. Жақсы ниетпен апарып тастаймын.
«Бастапқыда жолаушылар таң қалып, суретке түсіріп алатын», - дейді Жанар. Өйткені ол Шымкенттегі автобус жүргізетін алғашқы, әзірге жалғыз әйел.
Жәнібек Тәшімбетов, жүргізуші:
-Жоқ кездеспеген, мына Шымкентте енді әйел кісі істеп жатыр. Жұмыс істеп жатқанымызға 3 жыл болды. Енді көріп тұрмыз. Оның алдында да істегенбіз ғой, мына Шымкентте әйел кісі істеп жатқанына, бірге істеп жатқанымызға жалпы өте қуаныштымыз.
Жанар жұмыстан кейін үйіне асығады. Ол 4 баланың анасы. Әріптестері оны мақтан тұтады. Ал отбасы қашанда қолдау көрсетеді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов