Жамбыл облысында күзгі жиын-терім аяқталуға жақын

  • 9
  • 23.09.2025, 19:39

Жалпы биыл аймақтағы егістік алқабы 640 мың гектарға жетті. Бұл былтырға қарағанда 14 мың гектар көп. Бүгінде агросала мамандары масақты дәнді дақылдарды қысқартып, жоғары өнімді дақылдар көлемін арттырған. Оның ішінде аймақтың брендіне айналған пияз алқабы 17 мың гектарға жетті. Соның есебінен 700 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Жалпы биыл 3 млн 600 мың тонна ауылшаруашылық өнімі өндіріледі деген жоспар бар. 

Қайрат Көшенов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Жалпы облысқа биылғы жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 7 миллиардқа жуық қаражат бөлінген болатын. Жанар-жағармай мәселесі жеңілдетілген бағамен 254 теңге болды. Миллиардтан астам тікелей өсімдік шаруашылығына бағытталды. Басым дақылдарды зауытқа өткізгені үшін, сосын тыңайтқыштарған пистецид, гирбецид тұқым алғаны үшін сондай субсидияларға бағытталған.