Еліміз есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтіп жатыр

  • 161
  • 24.09.2025, 19:40

Істі сот сараптамалары орталығы қолға алған. Жаңа жабдықтар сарапшыға синтетикалық препараттың мөлшері мен оның құрылымын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар киберқылмыспен күресу және медиа кеңістікте ар-намысты қорғаудың жаңа әдістемелері әзірленіп жатыр. 

Бақытжан Байтілесов, ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры:

- Цифрландыру, жаһандандыру және қылмыс сипатының өзгеруі жаңа сын-қатерлерді тудыруда. Сонымен қатар заманауи технологиялар мен әдістемелерді енгізуді қажет етеді. Осыған байланысты сот сараптамалар орталығы материалдық-техникалық базаны нығайтып, инновациялық әдістемелер әзірлеп, процесстерді цифрлық трансформациялау арқылы өз қызметін жүйелі түрде жаңғыртуда.