Сенат Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгеріс енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады. Бұл өзгеріс кедендік тәртіпті реттеп, статистика жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге үш жыл ішінде бюджетке 25 млрд теңге қосымша түсім әкеледі.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Хаттамаға сәйкес электронды сауда тауарларын толық көлемі міндетті түрде декларацияланатын болады. Бұл нақты статистика жасауға мүмкіндік береді. Декларацияны оператор да, тауар алушының өзі де таңдауына қарай тапсыра алады.
Еске сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалар шетелдік интернет-дүкендерден алған тауарларын құны 200 еуродан немесе салмағы 31 келіден асқан жағдайда ғана декларациялаған. Ол кезде тауар құнының 15% мөлшерінде кедендік төлем төленетін. Енді құнына қарамастан барлық тауар декларациялауға жатады және оған 5% бірыңғай кедендік төлем салынады.