Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, жетістікке жеткендер кеншілер шаһарындағы халықаралық форумда бас қосты. Іс-шараға Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан мен АҚШ-тан келген делегаттар қатысты. Форумның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау, мемлекеттік қолдаулар туралы кең ақпарат беру. Республикалық «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған бір топ жұмысшы ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жұлдызай Байдүйсен, теміржолшы:
-Бастысы еңбегім ақталып жатқанына өте қуаныштымын. Кішкентай кезімізде әкеміз «теміржол-өмір жолы» деп айтатын. Ешқашан өлмейді, қорықпай жұмыс істеуге бара беріңдер деген. Сол әкеміздің арқасында осы жұмысқа келдік.