Жиында үздік мамандар марапатталды. Құрметті қонақтардың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен елорда әкімдігінің өкілдері бар. Қонақтарға кәсіпорындардың өндірістік процестері таныстырылды.
Наргизам Махмудова, ҚХА қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
-Бұл кірпіш шығаратын заводтың өзінде Астана қаласындағы көптеген тұрғын үйлердің бой көтеруі осыдан басталады. Сондықтан да бұның бастауы осында жұмыс істеп жатқан адамдардың үлкен еңбегі деп білеміз.