Технологиясы америкалық Wabtec компаниясы. Айта кетейік, аталған компания ел нарығында ертеден бар. Бірақ екі жыл бұрын локоматив құрастыру зауытын сатып алып, толық қожайынына айналды. Осы себепті жыл сайын 30 тепловоздан шығару жаңа келісім негізінде іске асырылады. Локомативтердің бұрынғылардан ерекшелігі дизель отыны шығыны азаяды, сондай-ақ жүк вагондарын тарту күші басым. Егер келешекте жанармайдың басқа түрімен жүру тиімді болса, оған да бейімделе береді. Машинистер үшін де жанға жайлы жағдай жасалған.
Мұратжан Бекетов, машинист:
-Кондиционер бар. Плиткамыз бар, тоңазытқышымыз бар. Алдында қадағалап отыратын камерамызда бар. Айнамыз бар. Ескі тепловоздарда май, суды қолмен құятынбыз әр жерде тоқтап. Қазір бұнда шығын жоқ.
Асан Үмбетов, «ҚТЖ жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары:
-Ескі 70-80 жылдары шыққан локомативтердің барлығы бұған дейін 36-40 сағат сайын ремонтқа кіріп жөнделді. Ай сайын ремонтқа кіріп, ағытылатын. Қазіргі жаңадан алынған, бүгінгі жүріп жүрген локомативтердің барлығы 90-120 тәулік ішінде ремонтқа ағытылады. Қалған уақытта эксплуатацияда.