Астанада LRT пойызы жүре бастады. Жеңіл рельсті көлік әзірге сынақ ретінде іске қосылды. Құрылысы 10 жылдан аса уақытқа созылған жобаның аяқталғаны елорда тұрғындарын қуантты. Олар бұл туралы әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Вагондардың тестілік режимде қозғалатынын бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек те хабарлаған. Айтуынша, көлікті сынақтан өткізу 3 айдан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Алғашқы рейс Абу-Даби стансасынан Мәңгілік ел көпірі бағытында қатынайды. Жалпы, желтоқсанға дейін 18 пойызды желіге қосу жоспарланып отыр.