Жыл соңына дейін елімізде 100 базар жаңарады. Оның ішінде қолма-қол төлемсіз жүйелерді енгізу, санитарлық нормаларды күшейту және өрт қауіпсіздігі шараларын арттыру бойынша талап та қатаңдайтын болды. Бұл туралы сауда министрлігі өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, 2029-жылдың соңына дейін елдегі базарлардың 70 пайызы заманауи форматта жұмыс істейтін болады. Қазір бұл көрсеткіш 40 пайыздан сәл ғана асады. Соңғы төрт жылдың өзінде елімізде 159 базар жаңартылған екен. Бұл мақсатқа мемлекеттен көмек қарастырылған.
Ернұр Жәутікбаев, ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасар:
- Мемлекеттік қолдау қағидасы бар. Ол қағидаға сәйкес мемлекет жағынан субсидиялау бар. Және кепілдік жағынан қолдау көрсетеміз. Субсидия жағынан мемлекет 10,75 пайыз субсидиясын көмек ретінде көрсетеді. Және де кепілдену 50 пайызға дейін. Және жаңадан бастап жатқан бизнес болса, оған 85 пайызға дейін кепілдік көрсетеміз.