Облыс орталығында баға соңғы рет 3 жыл бұрын өскен еді. Наубайхана басшыларының айтуынша, бағаның көтерілуіне шикізат, коммуналдық қызметтер мен жанармай бағасының өсуі себеп болған. Мәселен, 1 кг ұн қосылған құн салығымен 150 теңгеге шығады, ал келесі айда кем дегенде 10% қымбаттауы мүмкін. Бұдан бөлек, наубайхана жұмысшыларының жалақысын төлеу қажет. Ал жергілікті билік қаладағы наубайхана иелерімен келіссөздер жүргізіп, нан бағасын тұрақтандыруға уағдаласты. Бағаның бұдан әрі өсуіне жол бермеу үшін апта сайын мониторинг жүргізіледі.
Аспандияр Сейсебаев, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:
-Біздің өзіміздің Жамбыл облысының әлеуметтік дүкендері және оған қоса ірі сауда желілерінде 120 теңгеден сатылады. Енді бір мәселе үй қасындағы дүкендерде егер нанның бағасы 140 теңгеден көп болатын болса, мысалы 150 теңге болатын болса, онда бізде Сауда департаменті арқылы біз ол дүкендерге шара қолданатын боламыз.