Алматыда көптен күткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы басталады

  • 12
  • 30.09.2025, 19:50

Бірер сағаттан кейін Алматыда көптен күткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы басталады. Бұл кездесу қазақстандық футбол үшін тарихи сәт болмақ. Ойынның басталуына әлі бірер сағат барына қарамастан, жанкүйерлер стадион маңына жиналуда. Олардың қатарында біздің түсіру тобымыз да бар. 

Әлімжан Асқар, спорт комментаторы: 

-«Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы бүкіл қазақ жанкүйерлері үшін өте қызық ойын екені сөзсіз. Қазірдің өзінде матчтың басталуына әлі де 2 сағат барда Абай көшесінде жанкүйер өте көп. Стадионға кіру қиындау болып тұр. Сондықтан мұндай қызығушылық, жанкүйердің қолдауы бар кезде «Қайрат» командасы барын салатынына сенімдіміз. Бүгінгі матчқа болжам беру қиын. Себебі «Реал Мадрид» айқын фаворит. Дегенмен алматылықтарға сенеміз. Қазақстан Ұлттық футбол командасының құрамы жарқырайды деген үмітіміз бар. Сондықтан «Қайрат» бүгін кемі реалдың қақпасына гол соғады.Ұпай алуға барынша тырысады деген ойдамыз.