Жаңа теміржол бағытының ашылуы Қазақстанның дамуына тың серпін береді. Сарапшылардың айтуынша, бұл стратегиялық жобаның сәтті іске асуы экономиканың одан әрі өркендеуіне де әсері болады. Ал еліміздің Еуразия аймағында көлік-транзиттік хабын нығайта түсуі, халықаралық аренадағы рөлін айқындай түседі.
Ерлан Абсатов, қазақстандық Жүк тасымалдаушылар қауымдастығының президенті:
-Мемлекет басшысының «Достық-Мойынты» теміржол бағытындағы екінші желіні ашуы, бизнес үшін үлкен мүмкіндік. Біз жүк тасымалдауды одан әрі дамытамыз. Өйткені бұл темір жол тораптарының өткізу қарқынын өсіреді. Сондықтан көліктік және логистикалық мүмкіндіктерді дамытуға әсері мол.