Марқакөлде су құзғыны қаптап кетті

  • 11
  • 02.10.2025, 19:42

Өткен жылы 800-дейі байқалса, биыл олардың саны 3 мыңға жуықтаған. «Бұл көлдегі балыққа үлкен қауіп төндіріп тұр»,– дейді мамандар. Жыртқыш құс әсіресе Марқакөлде ғана мекендейтін майқан балығын жойып жіберуі мүмкін.

Марқакөлде балықтың 7 түрі кездеседі. Соның ішінде тек осында ғана мекендейтін майқан балығы бар. Алайда флора мен фаунасы таңғалдыратын бұл аймаққа биыл су құзғыны қаптап алған. Жыртқыш құс көлдегі балықты қояр емес. Қорықшылар жағалауды бойлап,оларды үркітуге тырысады. Өйткені оларды қорық аумағында атуға тыйым салынған.

Участок Черепан Жуков аумақтарын бақылап жүрміз, бакландар көп мөлшерде мыңдай штук санадық. Санақ бойынша енді ары қарай кетіп барамыз, участоктерге бақылап қарап жағдайдың бәрін қарап 

Құстар да қуланып алған. Үркіткенді елемейді. Ұясын бұрынғыдай жеке ағашқа емес, қалың орман ішіне биікке салатын болған. «Ал балық уылдырық шашқан кезде тіпті өзен басынан шықпайды»,– дейді мамандар.

Балуанбек Болысов,  қорықтың күзет бөлімінің бастығы:

-Мына балық өзенге уылдырық шашуға шыққан кезде балыққа өте кедергі жасайды, өзенге шығармай бойына отырып алады да уылдырық шашқанда кедергі жасап тұрады. Табиғатиқа зияны көп, құстың ешқандай пайдасы жоқ, қызыл кітапқа енбеген зияны өте көп.

Бұл құстың зияны тек балыққа ғана тиіп жатса қайсы, айналадағы жасыл желекті де құртып барады.
  
«Су құзғындары ақылды әрі айлакер тіршілік иесі»,– дейді мамандар. Олар тіпті өздері мекендейтін өзен көлдегі балық қорын алдын ала зерттеп алады екен. Балықтарға кедергі келтіріп қана қоймай, тіпті көл маңайындағы орман тоғайға да кесірін тигізеді. Ол құс ұя салған ағаш шіріп кетеді екен.

«Су құзғындарының тәбеті мықты»,– дейді ихтиологтар. Мәселен, жергілікті балықшыларға 22 мың тонна балық аулауға рұсқат берілгенмен, соның 5 тоннасы ғана игеріледі екен. Ал жыртқыш қанаттылардың қомағайлығы сондай, күніне 5 келіге дейін балық жейді.

Диана Қабдырахманова  ихтиолог:

-Балықтың қызығын сол су құзғындары көріп жатыр, сол себепті бөлек шаралар қолдану қажет тіпті бұл үркітіп шошытудың өзі оларға қатты әсерін тигізбейді. Олар біздің үркітіп шошытумызға үйреніп те алдық десе де болады.

Табиғат жанашырлары болса су құзғындарының санын реттеудің бір ғана жолы бар дейді.

Тимур Айкенов, Марқакөл табиғи мемлекеттік қорығының директоры:

-Бір ғана жолы бар бұны мемлекет тарапынан көтеріп, атуға рұқсат беру. Арнайы охотообществолар бар ғой соларға тапсырма берсе, осындай жұмыс жүргізсе ғана азаяды.

Алайда ату шарасы үшін алдымен арнайы зерттеу жүргізіліп биологиялық негіздеме жасалуы тиіс. Ал қорықта бұл жұмысқа жауапты орнитолог маман жоқ. Мәселені өз күшімен шешуге қауқарсыз қорықшылар енді мемлекет тарапынан қолдау күтеді.

Эльмира Ахметова,.Жігер Бабаханов