Өскеменде үздік мұғалімдер марапатталды

  • 9
  • 02.10.2025, 19:37

Өскемендік ұстаздар ұлағатты кәсіп жолындағы жаңа буын ұлттық тәрбие мен цифрлық дамуды тең игеруі керек дейді. Сондықтан олар кәсіби мерекеде арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шалғайдан келген мұғалімдер жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігін көрсетті. Салтанатты кеште өлкедегі ең үздік педагогтер марапатталды. Еңбегімен дараланған ондаған ұстазға «Еңбек ардагері» медалі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» мен «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілері табысталды. 

Әсел Бұлжанова, ШҚО Білім басқармасының  бөлім басшысы:

-Әр өңірден келген 80 мұғалім марапатталды. Бұдан бөлек бірнеше әріптесіміз мемлекеттік наградаға ие болды. Бұл өзінің тәжірибиесімен әрі шеберлігімен көпшілікті мойындатқан кәсіби мамандар. Осы ұлағатты ұстаздар арқасында облыста жалпы 188 оқушы халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстың жеңімпазы атанды.