Астанада екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан бір топ жауынгерлер мен командирлердің туыстарына «Батылдық пен парызға адалдық» медалі табысталды. Майданда болған ерлер жөнінде деректер ұрыс даласында жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде және мұрағаттардан табылған. Бүгін 8 майдангердің есімдері аталды.
Майдан Құсайынов, «Мемориальная зона» іздестіру бірлестігінің командирі:
-Бұл медаль тек хабарсыз кеткен адамдарға арналған. Олар туралы деректер іздестіру жұмыстары барысында анықталады. Бүгін 8 адамды наградтадық. Олардың 4-еуі Ресей, 2-еуі Беларусь, 2-еуі Қазақстаннан.