IT қызметтер экспорты 11,5 есе өсті

  • 8
  • 03.10.2025, 19:36

Елде өтіп жатқан тағы бір маңызды форумға тоқталайық. Digital Bridge алаңында бүгін IT саласындағы жаңа бастамалар таныстырылды. Бұл саладағы Қазақстанның жетістігін айта кетсек, IT қызметтер экспорты соңғы 4 жылда 11.5 есе өсті. 2021 жылы IT шешімдер 60 миллион долларға сатылған болса, өткен жылы экспорт 690 миллион доллардан асты. Оң өзгеріс биыл да байқалады. Бірінші тоқсанда қазақстандық компаниялар құны 253 млн доллар болатын IT өнімдерін сатқан. Қазақстан Smart Data Ukimet, Smart Bridge, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы, сондай-ақ қаржылық және мәдени сервистер бағытындағы өнімдерді экспорттайды. Олар АҚШ, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Нидерланды, Германия және Өзбекстанда сұранысқа ие. Айта кету керек, Президент құзырлы министрлікке 2026 жылы ІT қызметтер экспортын 1 миллиард долларға жеткізу міндетін жүктеген.