Қазақстан мен Әзербайжанның ынтымақтастығы артты

  • 7
  • 06.10.2025, 19:37

Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын Нахичеван келісіміне биыл 16 жыл толды. Көпғасырлық бауырластық байланыстар нақты серіктестікке айналған. Мәселен, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда айналымы 4,8 пайызға артты. Алыс-беріс жарты жылда 332 млн долларға жуықтаған. Әзербайжан бізден астық, алюминий, металл, химикаттар мен мұнай өнімдерін алып отыр. Елге көлік құрастыруға арналған жабдықтар, полиэтилен және азық-түлік өнімдері жеткізіледі. Мамандардың есебіне сүйенсек, жарты жылда импорт 72%-ға артып, 50 млн АҚШ долларына жуықтады. Ал экспорт көрсеткіштері 282 млн доллардан асты. Сауда байланыстарының артуы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты да күшейтті. Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бүгінде қазақстандық мұнайды экспорттауда негізгі жолдардың біріне айналды. 2023 жылы осы бағытпен 1,6 миллион тонна мұнай тасымалданса, 2025 жылы бұл көлемді 1,7 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.