Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарының неден қырылғаны белгілі болды. Соңғы сараптама қорытындысы бойынша, өлекселерден пастереллёз ауруы анықталған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қызылжар ауданына қарасты Бугровой ауылында 3 мыңнан аса қаз, үйрек пен тауық қырылған болатын. Ветеринар мамандардың айтуынша, зертханаға алынған сынамалардан құс тұмауы расталған жоқ. Бұл жағдайда шығынға батқан тұрғындарға өтемақы төленбейді. Өйткені Үкімет қаулысына сәйкес, пастереллёз аса қауіпті аурулар қатарына жатпайды. Енді жергілікті билік өкілдері көмек берудің басқа да жолдарын қарастырып жатыр.
Ербол Бәгенов, Қызылжар аудандық ветеринария станциясының директоры:
- Аудан әкімі ертең жаңағы 14 адам ғой, сол 14 адаммен ертең аудан әкімі кездесіп, жаңағы бюджеттен қарастырылмаса да, бірақ басқа хозсубъектілер бар. Басқа жағдайлармен қарастырып, кісілердің өтемақы көмектесу жұмыстар ертең шешіледі.