Ішкі істер министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастырады. Бұл туралы бүгін ведомство өкілдерінің аталмыш ұйымдармен кездесуі барысында айтылды. Іс-шара Қазақстанның XII Азаматтық форумы қарсаңында өтті. Жиында тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы қылмысының алдын-алу және есірткіге қарсы күрес жұмыстары талқыланды. Бүгінде министрлік елімізде ресми тіркелген 200-ден астам үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп жұмыс істейді. Айта кетейік, азаматтық форум отырысын осы қазан айында өткізу жоспарланған.
Айдар Сайтбеков, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Ішкі істер органдары жыл сайын ашықтыққа, халықпен тығыз байланыс орнатуға тырысып жатыр. Азаматтардың полицияға еркін жүгінуі үшін барлық жағдай жасалынуда. Әлеуметтік желілерден бастап, ресми сайттармен, «102» мобильді қосымшаға дейін қазір ресми жұмыс істеп жатыр. Бұның барлығы қоғамда «заң және тәртіп» идеологиясын, нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жасалынып жатыр.