Жұмысшы мамандықтар жылы: мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылды

  • 6
  • 06.10.2025, 19:43

Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылына орай 1000 бейіндік сынып ашылды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, азаматтар инженерия, ақпараттық-коммуникациялық технология, ауыл шаруашылығы, экология, көлік логистикасы, медицина және әлеуметтік қызмет көрсету салалары бойынша оқытылады. Бағдарлама жоғары сынып оқушыларына бағытталған. Және балалардың мектепті бітіргенге дейін болашақ мамандығын анықтауға көмектеседі. Жоба аясында 30 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланған.