Алматыда тағы бес қоғамдық кітапхана ашылады

  • 8
  • 06.10.2025, 19:55

Алматыда тағы бес қоғамдық кітапхана ашылады.Қазір ғимараттар қала меншігіне алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар келесі жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы: «Сөз өнері: Ұлттық әдебиеттің даму болашағы» атты халықаралық әдеби форумда айтылды. Қазір қалалық әкімдікке қарасты 28 кітапхана бар. Болашақта оларға қазақтың ақын-жазушыларының есімдерін берсек деген бастама көтерілуде. Себебі көпшілік кітапханалар қазір тек нөмірмен таңбаланған. Форумда қазақ әдебиетінің дамуы, жас жазушылардың қарымы және әлемдік аренадағы қазақ әдебиетінің орны талқыланды. Қазақстан жазушылар одағының бастамасымен ұйымдастырылған жиынға Қырғызстан, Өзбекстаннан келген қаламгерлер де қатысты. Форум биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы:

- Мәдениет және ақпарат министрлігімен жыл сайын стратегиялық әріптестік өткізіп жатырмыз. Соның аясында келесі жылдан бастап түркі тілді халықтардың кітаптарын қазақша шығаратын боламыз. Қырғызстаннан 52 жазушы, Өзбекстаннан 52 жазушы, Әзірбайжаннан деген сияқты.