Денсаулық сақтау министрінің 1 қазандағы бұйрығына сәйкес мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қолсұғушылығы үшін сотталғандарға химиялық кастрация бостандыққа шығуға алты ай қалғанда жасалады. Құжатқа сәйкес, мұндай шара 18 жастан асқандарға сот шешімі негізінде қолданылады. Мекеме әкімшілігі жаза мерзімі аяқталуға 12 ай қалғанда сотқа сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды жіберуге міндетті. Бұл психикалық ауытқулардың немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар-жоғын анықтауға септігін тигізеді. Өзгеріс 17 қазаннан бастап күшіне енеді.