Келер жылдан бастап шаруалар су алу бойынша келісімшартты онлайн рәсімдейтін болады. «Бұл судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Бүгінде министрлік өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізу үдерістерін автоматтандырып жатыр. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін «Қазсушар» мекемесі су пайдаланушылармен электронды келісімшарт жасайды, ал төлемдер екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
-«Кім қанша су алды?» нақты біз оны білуіміз керек. Қанша қаражат төледі? Міндетті түрде электрондық түрде қаражат төлеуі керек. Біздің қызметкерлер сол жерде каналдың басында жүріп, шаруалардан ақша жинау деген мәселені мүлдем тоқтату керек.