«Талдықорған-Үшарал» магистральді газ құбырының құрылысы аяқталды. Енді Жетісу облысының 84 ауылдық округі көгілдір отынмен қамтылады. 130 мыңнан аса отбасы күл шығару машахатынан құтылады. Жоспар бойынша жоба 2026 жылы бітуі тиіс еді. Алайда үйлесімді еңбектің арқасында құрылыс биыл қыркүйек айында толық аяқталды. Магистраль бойында «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай» және «Үшарал» газ тарату станциялары салынған. Барлығына заманауи автоматтандырылған жүйе орнатылды.
Меделхан Мырзаханов, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Алматы филиалының бас инженері:
-Екі сменде жасалынды. Түнгі және күндізгі. Жетісу өңірінде осы магистральдық газ құбыры салыну арқылы толыққанды газдандыруға қолжетімді болады. Газ тарату құбырлары осы ГРС-тардан ары қарай тартыла береді.