Cу саласында жасанды интеллектіні қолдану тіршілік нәрін пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді және су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысында айтылды. Жиында Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі бірлескен шаралар, соның ішінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айқындаған бастамалары талқыланды. Үкімет басшысы теңіз бассейнінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу, басқару және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша бірлескен жұмыс жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
-Әр елдің өз ұлттық мүддесі бар, біз оны қашан да қорғауға міндеттіміз. Бірақ біздің ортақ стратегиялық, ұзақмерзімді басым мақсатымыз тату көршілік қарым-қатынас екеніне сенімдімін. Күнделікті, қысқамерзімді міндеттерді шешуде біз ұзақмерзімді басымдықтарға нұқсан келтірмеуіміз керек. Мәселелерді әрқашан өзара тиімді әрі қолайлы негізде шешу үшін бірлескен шаралар қабылдайтынымызға сенімдімін.