Семей әкімін сайлау нәтижесі белгілі болды

  • 19
  • 14.10.2025, 19:40

89 441 дауыс жинаған Әділет Қожанбаев шаһар басшысы болып сайланды. Оны дауыс берушілердің 77,1% қолдаған. Оның қарсыластары Қаныш Төлеуов сайлаушылардың 10,8%, ал Айболат Бекжасаров 8,4% дауысын жинады.  

Гүлжан Қуанышева, Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясы шешті. 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің қызметін атқарған, Көкпекті ауылында тұратын Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы Абай облысы Семей қаласының әкімі болып тіркелді.