Композиторлар мен ақындар өз сыйақысын ала алмай жүр. «Себебі авторлық құқығымыз ойдағыдай қорғалып жатқан жоқ», – дейді зияткерлік меншік иелері. Өткен жылдың өзінде еліміздегі ұжымдық басқару ұйымдары 1,7 миллиард теңге жинап, авторлар мен құқық иелеріне бар болғаны 920 миллион теңге төлеген.
200-ден астам туындының авторы, композитор Кентау Назарбек «Қазақстан авторлар қоғамының» мүшесі. Зияткерлік меншік иесі өз құқығының тиісті дәрежеде қорғалмайтынын айтады. Кентау Назарбек, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі: -Құдайға шүкір біраз әндер жаздық қой. Бірақ енді сол еңбегімізге лайықты ақы алып жатырмыз деп айта алмаймын. Мысалы, мен 6 айдай алмадым. «Осы жолы мен хабарластым. Ештеңе жоқ», – дейді. Анда-санда 15-20 мың түсу деген сұмдық қой.6 мыңнан астам автор тіркелген қоғамдық бірлестік расында ақшаның аз түсетінін мойындап отыр. Елімізде авторлық құқықты қорғайтын, демек олардың қаламақысын жинайтын 20-дан астам ұжымдастық бар. «Ал ақшаның нақты кімге түсіп, қай ұйым кіммен келісімшартқа отырып жатқаны реттелмеген», – дейді. Байғали Есеналиев, «Қазақстан авторлары қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:- Оған себепкер 2009 жылы біздің заңымызға енгізілген өзгеріс. 146-да 1-ші бап деген бапты қарайтын болсаңыздар, 2009 жылы заңымызға енген ол жерде мынандай сөз жазылған. Авторлар мүшелікке тұрса да, тұрмаса да кез келген авторлық қоғам ол үшін сыйақы жинай беруге құқылы деген. Тағы бір себеп, авторлық сыйақы иесіне жетпейді. Бір ғана мысал, өткен жылы ұжымдық басқару ұйымдары 1,7 миллиард теңге жинап, оның 1,2 миллиардын бөлген. Алайда авторлар мен құқық иелеріне бар болғаны 920 миллион теңге ғана төленген. Бұл жиналған сыйақының небәрі 53% құрайды. Ал заң бойынша бұл көрсеткіш кемінде 70% болуы тиіс. Міне, осындай қарама-қайшылық көбейгендіктен туынды авторлары бұл жүйені цифрландыру керегін айтады. Кентау Назарбек, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі:-Неге бір мемлекеттік немесе осы бір қазақ авторлық қоғамын жеке ғана қалдырып, мемлекеттікке айналдырып немесе жеке бір мемлекеттік жасанды интеллектімен әйтеуір бір келген ақшаны ғана бөліп отырады ғой оларда. Делдалдардың керегі жоқ .Өйткені мына жасанды интеллект деген тура қайтып шығарсаңыз да айтып береді ғой. Зияткерлік меншік мәселелері туралы жаңа заң жобасында аталған шарттарды цифрлық форматқа көшіру көзделген. Бұл авторлар мен пайдаланушыларды нақты есепке алуға мүмкіндік береді. Бөтагөз Сатжанова, ҚР Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитетінің бас сарапшысы:-Енді осы цифрлық платформада енгізгенде авторлардың өздері де пайдаланушылар да, құқық иеленушілері де және осы платформа арқылы қанша ақша бөлінді, төленді нақты цифр, қанша пайдаланушылар бар, қанша авторлар бар соның барлығы осы платформа арқылы қадағаланып отырады.Жаңа заң жобасы қазір депутаттардың қарауында. Алуа Маханбет, Мейрамбек Қайыргелді