Теміртауда «ақылды» жетондар қолданыла бастады

  • 22
  • 14.10.2025, 19:48

Қарағанды облысында полиция қызметіне заманауи технологиялар енгізілді. Мәселен, Теміртау қаласында «ақылды» жетондар қолданыла бастады. Қазір мұнда 238 жетон жұмыс істеп тұр. Сырт көзге ұялы телефонға ұқсайтын құрылғының басты міндеті – бейнетүсірілім жасау. Егер қандай да бір себеппен полицей камераны өшірсе, диспетчер оны қашықтан қосып, жағдайды дер кезінде бақылай алады. Барлық бейнематериал автоматты түрде Ішкі істер министрлігінің қорғалған жүйесіне жіберіліп, арнайы серверде сақталады. Жүйе кибершабуылдардан толық қорғалған.

Дулат Рапишев, Қарағанды облысы полиция департаментінің бөлім бастығы:

– Бұл құрылғылар сыртқы әсерлерге төзімді, кез келген ауа райында жұмыс істей береді. Камера шамамен төрт сағат бойы үздіксіз түсіре алады. Сондай-ақ оларға қосымша қуаттағыштар беріледі.