«Береке Fest» акциясына БҚО кәсіпкерлері қолдау танытты

  • 18
  • 14.10.2025, 19:47

Республикалық «Береке Fest» акциясына батысқазақстандық кәсіпкерлер де белсенді қолдау танытуда. Акцияға өңірдегі 8 ірі сауда желісі қосылған. Сауда үйлерінде жергілікті тауар өндірушілер үшін арнайы сөрелер қойылып, отандық өнімдер «Береке Fest» логотипімен, баннерлермен белгіленген. Әлеуметтік маңызды тағамдардың 19 түрінің бағасы арзандатылыпты. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері күн сайын сауда нысандарын аралап, бағаны бақылайды. Өнім құнына заңмен белгіленген үстемақыдан артық баға қосқаны үшін 166 кәсіпкер жауапкершілікке тартылыпты.

Эльмира Қиматова, БҚО Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

-Аталған акцияның мерзімі 25 қыркүйектен 31 қазанға дейін. Акция аясында халыққа ең бірінші кезекте қажет тауарлар бағасын бақылауда ұстаймыз. Соның ішінде әлеуметтік маңызды тағам түрлері басты назарымызда. Бұл қазақстандық тауарлардың танымалдылығын арттырып, отандық өнім өндірушілердің оң имиджіне ықпал етеді.