Банктер ипотека беруді тоқтатты

  • 11
  • 15.10.2025, 19:38

Қазақстандық банктер ипотека беруді тоқтатты. Бірнеше банк ипотекаға өтініш қабылдаудан бас тартып отыр. Кейбір банк барлық ипотекалық бағдарламасын жауып тастаса, енді бірі ішінара шектеу қойды. Сарапшылар: «Бұл жағдайды Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18% дейін көтеруімен байланыстырып отыр және бұл ұзақ мерізімді несие алушылардың төлем қабілетін реттеуге байланысты жасалып отырған шара», – дейді.

Аяпберген Таубаев, Экономика ғылымдарының докторы:

-Төлем ставкасының өсуіне байланысты Ұлттық банкінің қазір коммерциялық банктер өздерінің несие мөлшерлемелерін қайта қарастырады. Ол белгілі бір ұйымдастырушылық процесс. Осы ұйымдастырушылық процесс біткенге дейін коммерциялық банктер белгілі бір пауза алды деп есептеуге болады. Ол ұйымдастырушылық процесстер ретке келтіргеннен кейін әрине, ол қайтадан басталады.