8 жастағы астаналық оқушы шахматтан әлем рекордын жаңартты

  • 13
  • 15.10.2025, 19:44

Мұндай жетістік аталған әуесқой спорт түрінде алғаш рет тіркеліп отыр. Алиша Бисалиева бұған дейін әлем чемпионы атанған Хоу Ифань мен Юдит Полгарды ұтып, жаһанды мойындатты. Дарынды оқушы осы уақытқа дейін шахматтың 51 партиясын ойнап, соның 48-інде жеңіске жеткен. Қалған екі ойын тең аяқталса, бір рет жеңілген. Бибісара Асаубаеваға қарап бой түзейтін Алиша енді ересектер арасындағы шахматтан жеңімпаз болуды армандайды.

Алиша Бисалиева, шахматтан әлем чемпионы:

-Менің арманым әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионы атанып, ең жоғары атақ – гроссмейстер болу. Маған ойынның классикалық түрі қатты ұнайды, себебі онда стратегиялық тұрғыда ойланасың және әр жүрісінде есеп бар.