Үкіметте нашақорлықтың алдын алуға бағытталған штабтың отырысы өтті

  • 11
  • 15.10.2025, 19:46

Үкіметте нашақорлықтың алдын алуға бағытталған республикалық штабтың отырысы өтті. Елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Құжатта жұмыссыз жүрген NEET санатындағы жастарға ерекше назар аударылмақ. Бұқаралық спортты дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мәселелері де басты назарда. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың айтуынша, биыл «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен анықталған зиянды сайттар саны 11 есе өскен. Барлығы 26,5 мыңнан астам интернет-ресурс жабылды. 9 айда есірткіге қатысты 6 210 құқықбұзушылық әшкереленді. 26 тоннадан астам есірткі тәркіленді. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

-Нашақорлық пен есірткі қылмыстары өте өткір мәселе ретінде қалып отыр. Оларды шешу жүйелі әрі үйлесімді тәсілді қажет етеді. Шын мәнінде бұл ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер. Штабтың мәртебесіне Үкімет деңгейіне көтерілді өздеріңіз білетіндей. Осындай жұмысты өңірлерде де жүргізу қажет. Өңір басшыларын жергілікті штаб басшылары ретінде белгілеуді тапсырамын.