Астанада Азаматтық форум жалғасып жатыр

  • 11
  • 16.10.2025, 19:47

Оны Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев оқыды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз хатында: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді. Бес жылда арнайы әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаржы екі есеге жуық өсті. Бұл қаражат игі бастамаларды жүзеге асыруға, мұқтаж жандар мен жастарды қолдауға жұмсалып жатыр», - деп жазған.

Жалпы форум жұмысына 700-ден аса делегат қатысты. Қатысушылар тұрақты даму, экология, цифрландыру, инклюзия сияқты негізгі бағыттардағы баяндамаларын оқып, ұсыныстарын ортаға салды. 

Арман Қырықбаев, ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі: 

- Қазір Қазақстанда 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Оларды мемлекеттің сенімді серіктесі деуге толық негіз бар. Шын мәнінде, сіздер еліміздің береке-бірлігін нығайтуға, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға белсене атсалысып жүрсіздер. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді.