Бұл еліміздегі дәл осы үлгідегі алғашқы робот.
Жергілікті бюджет есебінен сатып алынған құрылғы жақын арада іске қосылады. Ол жасанды интеллектпен жұмыс істейді. Миға миллиметрден кіші дәлдікті қажет ететін күрделі операцияларды жасай алады. Робот нейрохирургтарға көмекші болумен қатар медициналық деректерді де талдайды. Мұнымен жылына 300 операция жасауға болады. Жаңа техниканың тілін меңгеру үшін жергілікті дәрігерлер Қытайда арнайы оқудан өтті.
Еркін-Дәуір Құрманғалиев, Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың директоры:
- Бұл робот Паркинсон ауруы, эпилепсия, ми ісіктерін алып тастау сияқты күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар операция уақыты азайып, жеңіл өтеді. Науқастар жылдам сауығады. Бұрынғыдай ауруханада ұзақ жатпайды.