Соңғы 30 жылда құтқарушылар миллионға жуық адамға жәрдем берген

  • 8
  • 17.10.2025, 19:47

Соңғы 30 жылда құтқарушылар төтенше жағдайларда миллионға жуық адамға жәрдем берген. Олардың Қостанай мен Абай облыстарындағы алапат орман өрті, Ақтауда Әзербайжан ұшағы құлаған кезде қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсеткені ел есінде. Біздің құтқарушылар Түркия, Ауғанстан мен Қырғызстандағы апат салдарын жоюға да атсалысқан.   

Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:  

-Министрлік Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындап, кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге дайын. Күн сайын өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, кинологтар, сүңгуірлер, әскери қызметшілер, ұшқыштар, ғалымдар, өрт сөндіру және өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары мен сейсмологтардан тұратын 30 мың қызметкер азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда адал қызмет етеді.