Қазанның әр үшінші жексенбісі – орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні

  • 8
  • 17.10.2025, 19:52

Қазанның әр үшінші жексенбісі – орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Бұл салада 17 500-ге жуық адам еңбек етеді. Биылдан бастап орман қызметкерлерді ауылдық жерде еңбек етсе, жалақысына кемінде 25% үстемақы қосылады. Ал орман күзеті мен табиғатты қорғау инспекторлары үшін міндетті сақтандыру жүйесі енгізілді. Енді қызмет барысында жарақат алу немесе жазатайым жағдай орын алса, орманшының отбасы мемлекет тарапынан қаржылық өтемақы алады. Бұдан бөлек, ерекше еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге орман күзеті, өрт сөндіру және орман орналастыру мамандарына жалақысының 100% мөлшерінде үстемақы төленеді. Саланы техникалық жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Биыл 352 өрт сөндіру машинасы, 381 шағын өрт сөндіру кешені және 355 трактор қолданысқа беріледі.