Қазақстан – Әзербайжан: тауар айналымы $343.3 млн-ды құрады

  • 13
  • 20.10.2025, 19:34

Бауырлас Әзербайжан елімен сауда байланысымыз бекем. Биыл қаңтар-тамыз айларында арадағы тауар айналымының көрсеткіші 343,3 миллион доллар болды. Негізінен қазақстандық экспорт басым. Әзербайжанға жөнелтілген тауарлар құны 290 миллион доллардан асады. Ал Қазақстанға келген импорт көлемі 52,5 миллион доллар шамасында. 

Әзербайжанға жөнелтілген тауардың басында бидай тұр. Оған қоса, мұнай, күріш, арпа өнімдері экспортталған. 

Импортталған тауар қатарында турбореактивті қозғалтқыштар, газ турбиналары, құбырлар, этилен полимерлері мен азық-түлік өнімі бар.