Қазақстан мен Әзербайжан арасында жаңа тасымал жүйесі жүзеге асады

  • 13
  • 20.10.2025, 19:35

Қазақстан мен Әзербайжан. Жаңадан жанданған Жібек жолы бойындағы стратегиялық хабқа айналып келе жатқан қос мемлекет. Шығыстан батысқа баратын жүктердің басым бөлігі осы екі ел аумағы арқылы өтеді. Статистикаға сүйенсек, былтыр теміржолмен 287 контейнер тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 26 есе артық. Енді арадағы қатынас одан әрі арта түседі. Себебі қос тарап халықаралық автокөлік тасымалдары үшін электронды рұқсат қағаздарын енгізбек. Өйткені Транскаспий халықаралық бағытында Қазақстан мен Әзербайжан арасында жүктердің басым бөлігі паромға тиелген автокөліктермен тасымалданады. Бұл жаңа жүйе келер жылдан бастап жүзеге асырылмақ. 

Дінмұхамбет Хасенов, ҚР Көлік министрлігі автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басқарма басшысы:

- Бұл біріншіден, бланктардың, рұқсат қағаздардың қолдануын күшейтеді, бақылауын. Бұрын 10 күн уақыт кететін болса, қазір 5 минуттың ішінде электрондық жүйеде ауыстыра салуға болатын болады және де Қытай Халық Республикасының тәжірибесін алғанда электрондық бланкқа көшкелі бері біз квота обменінің санын 2023 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейттік.