Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

AI Kitap, OlympIQ платформалары іске қосылады

  • 594
  • 20.10.2025, 19:40

Елімізде AI KITAP, OLYMPIQ платформалары іске қосылады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың IT-компания өкілдерімен кездесуінде айтылды. Жиында әлеуметтік сала мен өнеркәсіп бағытында жасанды интеллектіге негізделген стартаптарды дамыту мәселесі талқыланды. Кездесуде отандық Paradigm Shift компаниясы әзірлеген екі жоба таныстырылды. AI Kitap – білімдегі олқылықты анықтайтын цифрлық оқулық. Ал OlympIQ – спортты дамытуға арналған технологиялық платформа. Жаңа жүйе сараптамалық, операциялық, медициналық және ұйымдастырушылық деректі жасанды интеллект арқылы өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бастаманы қолданысқа енгізу үшін мектеп мен спорт федерациялардың тізімі дайындалды.